Алматы облысында ірі жол апатынан 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды

0
324
Алматы облысында ірі жол апатынан 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды
Қарасай ауданының Алмалыбек ауылына жақын жерде жол-көлік оқиғасы орын алды.«Алматы-Райымбек» автожолынан 29 шақырым жерде «Мерседес-бенс 609D» шағын автобусы мен «Мерседес-бенс», «Фольксваген Пассат», «Мицубиси Галант» көліктері соқтығысты.

Облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнында бір адам көз жұмып, 4 адам Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала нұсқа бойынша апаттың орын алуына себеп болған «Мерседес-бенс 609D» автобусының жүргізушісі, ол рульді басқара алмай, қарсы жолға шығып кетіп, үш шетелдік көліктің соқтығысуына жол берді.

Жол-көлік апаты бойынша қажетті сараптама тағайындалды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз