Мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындардың бірыңғай порталы құрылады

2
32
Мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындардың бірыңғай порталы құрылады
Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.Кеңеске агенттіктің құрылымдық және аймақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Отырыс барысында мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қамтамасыз ету, тәртіптік бақылауды іске асыру қадамдары қарастырылды.

Жиында тестілеуді жаңғырту, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту, олардың қызметте алға жылжуы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметті дамыту мәселелерін шешуге байланысты жоспар құрылды.

Мемлекеттік қызметкердің кәсіби және жеке қасиеттерінің профилін жасау қызметкерлерді басқаруды жетілдіру шараларының бірі болмақ.

Жоспарда сондай-ақ байқау іріктеуінің ашықтығын арттыру, тестілеудің шекті мәнін есептеуді қайта қарастыру, «Б» корпусының кадрлық резервін мақсатты топтар (жұмыс тәжірибесімен және тәжірибесіз) бойынша қалыптастыру бойынша шаралар көрініс тапқан.

Мемлекеттік қызметте жұмыс іздеуді жеңілдету үшін үміткерлерге арналған барлық мемлекеттік органдар мен аймақтар бойынша бос жұмыс орындарының бірыңғай порталы құрылады.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. мемлекеттік қызметтегілер мемлекетке қызмет етеді. халыққа қызмет етпейді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз