Қостанайда арақ ішіп, тұрғындарды шошытқан шенеунік жұмыстан қуылды

0
89

Таңға дейін той тойлап жүрген шенеунік! Қостанайда араққа сылқия тойып алған Әділет басқармасының бастығы мас күйінде көлік айдап, бүтін бір ауылды ұйқысынан оятты.

Қостанайда арақ ішіп, тұрғындарды шошытқан шенеунік жұмыстан қуылды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Жұрттың тынышын қашырған жап-жас бастық. Әлі отызға да толмаған Арман Ахметов мас күйінде қызметтік көлігіне отырып алып, таңға дейін ауылды армансыз аралапты.

Әділет басқармасының бастығы тек басқа көлікке соқтығысқанда есін жиған. Жүргізуші куәлігін де үйінде ұмыт қалдырған шенеунік енді әріптестерінен кешірім сұрап жалбарынып отыр.

Десе де, өзіне қатысты қозғалған істің сотына 7 рет бармаған жас бастық қанша жыласа да жұмысынан қуылды.

«Кінәлі екенім рас. Егер заңға қайшы келмесе, қызметімді ең соңғы сатыға дейін түсіріп тастаңыздар», – деп ақталды Қарабалық ауданы әділет басқармасының басшысы Арман Ахметов.

Еліміздегі және әлемдегі басқа жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыздар

Источник: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз