ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

0
361

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы ҚР Үкіметі Қаулы қабылдады. Қаулыда былай делінген:

1.  2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық, жергілікті және өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісім бойынша):

1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

К. Мәсімов,   Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің       

2014 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1448 қаулысымен   

бекітілген

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз