Алматы әуежайында шу шығарған украин азаматы ұшақтан түсірілді

2
28
Алматы әуежайында шу шығарған украин азаматы ұшақтан түсірілді
Алматы қаласының әуежайында «Алматы-Киев» бағытындағы әуе кемесінің бортында шу шығарған азамат ұшақтан түсірілді, деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
«27 қаңтар күні Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне әуежайдың диспетчерлік қызметінен «Эйр Астана» авиакомпаниясының «Алматы-Киев» бағытындағы әуе кемесінің бортында шу шығарған азаматтың болуы себепті ұшу жолағынан кері қайтып келе жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті», — делінген хабарламада.Тексеру барысында 35 жастағы Украина азаматының ұшуға бағыт алған ұшақтың бортында мас күйінде иллюминаторды жұдырықпен ұрып, жасалған ескертуге ден қоймай, бортсерікті балағаттап, жолаушылармен ұрсысқандығы анықталды.

Медициналық сараптама қортындысы аталған азаматтың орташа деңгейде мас болғанын көрсетті. Қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық кодекстің 293 бабының 1-бөліміне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз