Шымкентте аялдамадағы әйелді қағып өлтірген жүргізуші 2 жылға стотталды

0
381

Шымкентте аялдамадағы әйелді қағып өлтірген жүргізуші 2 жылға стотталды
Шымкентте адам қағып өлтірген автобус жүргізушісі екі жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.Өткен жылдың 1 қарашасында Шымкентте бірімен-бірі жарысып, «Отырар» аялдамасында тұрған қызды қағып өлтірген қоғамдық көліктің жүргізушіне қатысты Әл Фараби аудандық соты үкім етті.№19 қалалық қоғамдық көліктің бұрынғы жүргізушісі Нұртай Сейсенбаев екі жарым жылға бас бостандығынан, сонымен қоса 3 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Үкімді аудандық соттың төрағасы Мұратәлі Бекназаров оқыды.

Сот отырысында сот үкімімен айыпталушы тарап та, жәбірленуші тарап та келісетіндерін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, айыпталушы Нұртай Сейсенбаев қылмыстық кодекстің 296-бабы, яғни, «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша жауапқа тартылған еді.

Ол өткен жылдың қараша айында әріптестерімен жарысамын деп қаладағы «Отырар» аялдамасында тұрған жолаушы Лаура Әшірованы қағып кеткен. 28 жастағы бойжеткен оқиға орнында мерт болған еді.

По сообщению сайта Nur.kz

Поделиться

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз