Павлодарда 5 айлық баласымен келіншекті қаққан адам жазадан құтылып кетті

0
290
Павлодарда 5 айлық баласымен келіншекті қаққан адам жазадан құтылып кетті
Бес айлық баласымен келе жатқан келіншекті қаққан адам жазадан құтылып кетті. Зардап шеккен тарап Павлодарлық жүргізушіге ешқандай шағым түсірмейтіні белгілі болды деп хабарлайды 31 арна.Көлік қаққан әйел сот-медициналық сараптамасынан өтуден бас тартқан. Бейнетаспаға жазылып қалған жантүршігерлік жол апаты тараптардың ортақ мәмілеге келумен аяқталды.Оқиға негізінде арбадағы сәбиімен жаяу жүргіншілер жолынан өтіп келе жатқан келіншекті джип көлігі қағып, бірнеше жерге дейін сүйретіп әкеткен.

Ал зардап шеккен тұрғын бес айлық ұлы жатқан арбаны итеріп үлгеріп, баласын аман алып қалады. Ал жұрттың наразылығын бала мен ананы қаққан көлік жүргізушісінің апат болған жерге тоқтамай, кетіп қалуы тудырған еді.

Ал жас ана бірнеше дене жарақатымен, миы шайқалған жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Бірақ біраз күн өткен соң ол өз шағымынан бас тартқан.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз