Әсем Шаяхметованың апат болған Ан-2 ұшағынан қалай тірі қалғаны анықталды

2
39
Әсем Шаяхметованың апат болған Ан-2 ұшағынан қалай тірі қалғаны анықталды
Жамбыл облысындағы АН-2 ұшағының апатынан Әсем Шаяхметованың аман қалуына оның ұшақ есігінің қасында отыруы себеп болған.Бұл туралы журналистерге Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Серiк Мұхтыбаев мәлiм еттi.

«Ол ұшақ есiгінің жанында отырған. Мүмкiн, осы жағдай оны құтқарып та қалған шығар. Соққы өте қатты болды. Ол жерде ұшақтың тек артқы бөлiгi ғана қалды», — дедi ол.

Естеріңізге сала кетсек, 20 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданында Балқаш-Шатыркөл бағытына бет алған «Олимп-Эйр» компаниясының АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Оның iшiнде «Қазақмыс» корпорациясының «Балқаштүсті металл» ӨБ бас геологы Әсем Шаяхметова да болған еді.

Апат сәтінде ол дереу «112» телефоны арқылы құтқару қызметіне хабарласып үлгерген. Оқиға орнына келген Жамбыл облысы ТЖД жедел ден қою бригадасы әуе апатынан жалғыз аман қалған жолаушыны Шу қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Кейiн ол Астанаға жеткiзiлген болатын.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз