Құлыбаев саяси амбициясының жоқ екенін мойындады

0
41

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев өзінің ешқандай саяси амбициясы жоқ екенін мәлімдеді.

Құлыбаев саяси амбициясының жоқ екенін мойындады

Журналистер Құлыбаевтан Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Атамекен» атауы берілген соң, оның саяси партияға айналу мүмкіндігін сұраған болатын.

«Менің ешқандай да саяси амбициям жоқ, бұны шын көңілден айтып отырмын. Сондай-ақ ешқандай партия қатарында тіркелмегенмін. Менің саясатым – бизнесті қолдау. Бұл мемлекетіміздің көркеюі мен жанданып дамуындағы менің басты ұстанымдарының бірі», – деді ол БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

Сонымен қатар төраға гүлденген Қазақстанда өмір сүргісі келетінін айтты.

«Бизнес ортаны жақсартудан басқа менің мақсатым жоқ. Мемлекетіміз қазақстандықтар үшін жайлы және шетелден келетін қонақтар үшін әсем болғанын, өз балаларымның да осында тұрғанын қалаймын. Әрине уақытша қиындықтар бар, бірақ олардың барлығы өтпелі. Алдымызға дұрыс  мақсаттар қою білуіміз қажет. Сонда ғана сапалы нәтижелерге қол жеткізе аламыз», – деп атап өтті Құлыбаев.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз