Петропавл әкімі ескі үйлерді сүруге ақша таба алмады

2
55
Петропавл әкімі ескі үйлерді сүруге ақша таба алмады
Петропавлда құлағалы тұрған үйлердің тұрғындары дабыл қағуда. Төтенше жағдай мамандарынан құралған комиссия баспаналарды адам тұруға жарамсыз деген шешім шығарған, деп хабарлайды КТК арнасы.Ал ол жерден жұртты көшіріп, ескі үйлерді сүріп тастауға бюджетте ақша жоқ. Оның үстіне апатты үйлерге қатысты мемлекеттік бағдарламаның өзі де әлі шикі екенін шенеуніктер мойындап отыр. Үйдің шатыры осыдан бес жыл бұрын опырыла бастаған. Сол жолы шенділер шатырдың жабындысын ауыстырумен шектелген екен. Ал биыл жазда екінші қабаттағы тағы бір пәтердің едені опырылып түсіпті.«Әрине, бұл үйде тұруға қорқамыз. Төбе құлағанда жанымыз шығып кете жаздайды. Оның үстіне кішкентай бала-шаға бар». — дейді Петропавл қаласының тұрғыны Людмила Степанова.

Үйлер негізінен 60 жыл бұрын тың игеруге келген жастарға арнап салынған. Кеңес үкіметі тұсында-ақ тұруға жарамсыз деп танылыпты. Ал биыл жазда арнайы комиссия 50 жылдан астам пайдалануда болған көпқабатты 35 үйді тексеріп, оның 11-ін «апатты» деп тапқан.

Сонымен қатар үйлердің кіре берістері де әбден тозған. Баспалдақпен бала түгілі ересек адамның өзі көтерілуге қорқады екен. Алайда ескі үйлерді сүріп тастау оңай шаруа емес. Өйткені мұндай баспаналардағы тұрғындарды өзге жерге көшіру туралы мемлекеттік бағдарламаның өзі шикі екені белгілі болды.

«Алдымен ескі үйлердің тұрғындарын өзге баспанаға көшіру туралы бағдарламаны қабылдауымыз керек. Сонан кейін ғана іс алға басуы мүмкін. Алайда шаһар балансында бос тұрған пәтерлер жоқ. Оның үстіне ескі үйлерді сүріп, орнына жаңасын тұрғызуға қала бюджеті қауқарсыз», — деді Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов.

Қазір апатты деп табылған 11 үйде жүзден астам отбасы жандарын шүберекке түйіп тұрып жатыр. Бұл тек көпқабатты үйлерге қатысты жағдай. Ал қалада құлайын деп тұрған жер үйлерде қанша адамның тұратыны мүлдем есептелмеген.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. әкім мен осы салаға қатысты адамдар не үшін жоғарыдан алдын ала ақша сұрамайды. солар кінәлі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз