ШҚО-да өрттен екі зейнеткер көз жұмды

1
33
ШҚО-да өрттен екі зейнеткер көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысында өрттен екі зейнеткер қаза болды деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақстан жаңалықтары.Ведомствоның мәліметінше, бірінші әйел Катон-Қарағай ауданы Өрел ауыдында болған өрттен қаза тапқан.«Жеке тұрғын үйдің ағаш құрылысты шатыры, жиһаздары, жеке заттары, шаруашылық құрылысы 150 шаршы метр ауданда өртенді. Құрылысты бұзу барысында 1938 жылы дүниеге келген үй иесінің дене бөліктері табылды», — делінген хабарламада.

Өрт себебі бойынша: жылыту пешін құрастыру мен қолдану кезінде ӨҚТБ болжамы қарастырылып жатыр. Өртті жоюға жеке құрамнан 5 адам және ТЖД 1 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Екінші төтенше жағдай  Глубокое ауданының Березовка ауылында болған.

Жеке тұрғын үйдің жылыту пешінің жанындағы ағаш құрылысты едені 3 шаршы метр аудан өртенген. Өртті барлау кезінде бөлімшенің өрт сөндірушілері, қонақ үй бөлмесіндегі диваннан тұншықтырғыш газбен уланған 1948 жылғы үй иесінің денесі тапқан.

По сообщению сайта Nur.kz

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз