
Жалалабад облысында ер адам несиесін жабу мақсатында өзінің қайтыс болғаны туралы куәлік алған. Бұл туралы сәрсенбіде ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.Жалалабад ІІБ 5-бөлімінің қызметкерлері Шатқал ауданының прокуратурасымен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде Шатқал аудандық АҚАЖ маманы қызметін теріс пайдаланған факті анықталды.
АҚАЖ-дың басшы буын қызметкерінің Ресей Федерациясының азаматы, Жалалабад облысының тумасы А.З. қайтыс болғаны туралы куәлік жазып, ресми құжатқа өзгеріс енгізгені анықталды.
Сонымен бірге азаматша А.З. аман-есен екендігі, куәлікті несие жабу мақсатында алғандығы белгілі болды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 304-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
По сообщению сайта Nur.kz