Мұхтар Әбләзов қайтарылады

2
38
Мұхтар Әбләзов қайтарылады
Қомақты қаржы жымқырып елден қашып кетті деп айыпталған Мұхтар Әбләзовты Франция билігі Ресейге экстрадициялауға басымдық берген соң Қазақстанның ресми орындары үміт үзе бастағандай еді.Енді бас прокуратура экс-банкирді «бізге бер немесе өзің сотта» позициясын ұстанатынын білдірді.Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді деп хабарлайды 31 арна.

Әбләзовты қай мемлекет соттаса да, қажетті қылмыстық тергеу материалдарын ұсынатынын айтқан бас прокуратура Франция билігінен әлі де үмітті екендерін жеткізді.

Аталған органның мәліметінше, Әбләзовтың келтірген шығыны 7,5 миллиард доллардан артық екен.

Айта кетейік, БТА банкі директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбләзов Францияда 2013 жылдың 31 шілдесінде тұтқындалған еді.

Қазақстан, Ресей және Украина оған қаржы қылмысын жасаған деген айып тағып, Франциядан экстрадициялау туралы өтініш білдірген.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз