Ақтөбеде істі болған адам полицейлердің өзін қорлағанын айтым шағымданды

2
74
Ақтөбеде істі болған адам полицейлердің өзін қорлағанын айтым шағымданды
Ақтөбеде бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдікті өзін полиция қызметкерлерінің қорлағанын айтып, шағымданды.
Бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін тәртіп сақшыларының назарында жүрген Ақансері Таңатов кезекті рет ұрлық үстінде қолға түскен соң, өзін полиция қызметкерлерінің қорлап, ұрып-соққанын айтты.Ол үш полицейдің аяқ киімдерімен қабырғасынан тепкілегенін, тағы бір қылмысты мойындату мақсатында үш рет басына газтұтқышты кигізіп, оның ауа кіретін бөлігіне скотч жабыстырып тастағанын айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, тәртіп сақшылары оны қалағанынша қорлаған.

Өзін желім иіскейтін токсикоман қатарына жатқызған Таңатов полиция қызметкерлерінің бірі оның үстіне зәр сындырғанын да жеткізген. Бірақ, үш қызметкердің нақты қайсысы дәл осындай қадамға барғанын ол жасырып қалды.

Тәртіп сақшыларынан әбден қорлық көрдім деген Таңатов полиция қызметкерлерінен өзіне көрсеткен қоқан лоққы үшін 1 миллион теңге өтемақы сұрап отыр. Егер осы қаражатты өндіріп берсе, ол полицейлерге мейілінше аз мерзім беруін сұраған.

Ал сараптама барысында мамандар Ақансері Таңатовтың денесінен қорлық белгілерін байқамадық деп отыр. Енді сот полицейлердің бұл әрекеті рас екенін әлде күдіктінің қиялынан туған әңгіме екенін анықтайтын болады.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз