Қарағандыда өзін үш баласымен өртемек болған ана сотта жеңіп шықты

0
293

Баспанасыз қалса, өзін балаларымен қоса өртеуге бекінген Гүлжас Әбжамалова далада қалмайтын болды. Қарағанды облыстық соты мүгедек жесір анаға пәтерін заң жүзінде рәсімдеуіне рұқсат берді.

Қарағандыда өзін үш баласымен өртемек болған ана сотта жеңіп шықты
Шиеттей үш перзентімен Қарағандыға көмек іздеп келген Әбжамаловтар отбасы ауыр жағдайда қалған болатын. Осыдан бір жыл бұрын әкімдіктегілер мүгедек әйелге иесіз жатқан пәтер кілтін беріп, кейін ол баспанадан қуа бастаған.

Тіпті, соңғы кездері сот орындаушылары да үздіксіз мазалайтын болыпты. Басындағы баспанасынан айрылудың алдында тұрған Гүлжас Сатпаев әкімдігіне наразылық білдіріп, өзін өртеуге әрекеттенді. Сөйтіп, құзырлы орган өкілдерін өзіне қаратқан әйел сот отырысында жеңіп шықты.

Отбасының жағдайын ескерген судьялар тұрғын үйді қайтарып беруді жөн көріпті.

«Қуанышымда шек жоқ. Балаларыммен қайда барам деген де үрей, қорқыныш болған. Әділдік жеңіп, пәтер өзімде қалатын болды. Әділдіктің жеңеріне сендім. Енді пәтерді өз атыма ауыстыруға құжаттарды дайындаймын», – дейді Сәтпаев қаласының тұрғыны Гүлжас Әбжамалова.

Источник: 31 канал

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз