Теміртауда студенттер жатақханасына мүшеқап сататын автомат орнатылды

0
355

Қарағанды облысы бойынша алғаш рет қолға алынған шара аясында мүшеқаптар қаладағы политехникалық колледждің жатаханасына қойылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Теміртауда студенттер жатақханасына мүшеқап сататын автомат орнатылды

Теміртау қаласында өткен жылдың өзінде -ақ 168 адам ВИЧ -ке шалдыққан. Оның 67 пайызы аты жаман ауруды жыныстық жолмен жұқтырыпты. Олардың басым бөлігі – 15 пен 25 аралығындағы жастар.

Алғашқы кондоматтарды колледж жатаханасына орнатуымыздың себебі де осы дейді СПИД орталығының мамандары. Мұндай құрылғылар жақын күндері басқа да оқу орындары мен түнгі клубтарға қойылмақ.

Жыл аяғына дейін Қарағанды облысын тегіс қамту көзделген. Орталық мамандары бұл автоматтардың ішіндегі мүшеқаптар өте сапалы деп отыр.

«Автоматтың ішіне біз сапалы мүшеқаптарды орналастырдық. 200 теңгеге 3 мүшеқапты береді. Аурудың ушығып тұрғандықтан мұндай кондоматтарды біз далада аялдамаларда да қоятын боламыз», – дейді Қарағанды облыстық СПИД орталығының жетекшісі Бейбіт Сағынтаев.

Источник: КТК

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз