Алматыда атышулы лесби қызға тағы бір үкім шықты

2
70

Лесби ғашығын айуандықпен өлтірген азғын абақтыдан әзір шықпайтын болды. Бүгін Алматы соты Каролина Кан есімімен танымал қандықол келіншекке тағы үкім кесті деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматыда атышулы лесби қызға тағы бір үкім шықты
Бұл жолы Александра Ли тағы бір танысы Бибігүл Момбекованы өлтіргені үшін жауапқа тартылып отыр. Бұл қылмысын қанпезер былтыр өзі мойындаған. Енді екі адамның өмірін айуандықпен қиған лезби әйел 20 жылсыз бостандық көрмеуі тиіс.

Былтыр қаніпезер лезби тағы бір қызды аяусыз өлтіргенін айтып ағынан жарылған еді. Ол марқұм Бибігүл Момбекова. 2 баласы бар келіншек алдыңғы жылы із-түзсіз жоғалып,бөлшектелген мәйіті тек 8 айдан кейін табылған болатын.

Сөйтіп, Коралина өзі істеген жаңа қылмысының бетін ашқан еді. Енді міне араға 4 ай салып, жазасын өтеп жатқан Александра Ли тағы да сот залына әкелінді. Оған Бибігүл Момбекованы «айуандықпен өлтірді» деген айып тағылған.

Бұдан бөлек тағы екі айыпталушы бар. Олар Руслан Пак пен Олжас Нұркенов. Бұл екеуі марқұмның денесін бөлшектеп, көмуге көмектескен.

«Александра Ли мен марқұм Бибігүл Момбекова екеуі бірінші арақ ішіп артынан сөзге келіп қалыпты. Содан кейін, Александра Момбекованың кеуде тұсына алты рет пышақ сұғып, өлтірген. Артынан марқұмның бөлшектелген денесін сыбайластарымен бірге Алматы облысындағы Қарой елді мекеніне көміп тастапты», – дейді мемлекеттік айыптаушы Дидар Қабаев.

Әпкемді 8 ай бойы іздеп таппай жүрдім. Бір күні мәйіті табылды деген хабар келді. Мәйітханаға барсам, денесі бөлшектелген, басы болған жоқ.

Сотқа дейін Александра Ли қылмысқа балам үшін бардым деген. Айтуынша, марқұм Момбекова Каролинаны 8 жасар ұлымен кездестірмеген. Бірақ куәгерлердің бүгінгі сөзінен кейін оның мұнысы жалған болып шықты. Сондай-ақ сотта тыңдалған куәгерлердің бірі Момбекованы соңғы рет «Каролинамен» бірге көргенін айтты. Одан кейін Бибігүл жоғалып кеткен.

«Мен әпкемді 8 ай бойы іздеп таппай жүрдім. Бір күні мәйіті табылды деген хабар келді. Мәйітханаға барсам, денесі бөлшектелген, басы болған жоқ.Тек татуровкасына қарап таныдым да, «бұл менің әпкем»-дедім», – дейді марқұмның сіңілісі Билнара Момбекова.

Аты шулы лезби қыздың осындай айуандығы үшін мемлекеттік айыптаушы, Александра Лидің түрмеде отыру мерзімін 12 жылға ұзартуды сұрады. Ал, өзін сабырлы ұстаған Ли сот бойы істеген қылмысына өкінбейтіндей кейіп танытып, тек соңында ғана жәбірленуші тараптан кешірім сұрады. Ол айыбын мойындайтынын және сөйлегісі келмейтінін айтқан.

Бұдан кейін үкім шығаруға кеткен сот, біраз уақыттан кейін қайта келіп, қаніпезер лезбидің жазасын тағыда 5 жылға ұзартты. Сөйтіп алдыңғы жазасымен қосқанда Александра Ли 20 жыл абақтыда отыратын болды.

Ал екі сыбайласы Олжас Нұркенов 1 жыл 6 ай, Руслан Пак 1 жыл 3 ай бойы темір тордың ар жағында отырмақ.

Осылайша Каролина Кан деген лақап атпен таныс 31 жастағы Александра екі бірдей адамның өлімі үшін жауапқа тартылды. Былтыр ол, өзінен 10 жас кіші Кристина Чернышовамен некеге тұрып, Қарағандыда тойларын дүркіретіп өткізген еді.

Алайда бір жыл өтпей жатып араларында жан-жал туып, ол «сүйіктісін» қатыгездікпен өлтірген болатын. Енді оған Бибігүл Момбекованың өлімін қосыңыз. Александра Ли бұл қылмысы үшін енді ұзақ жылдар бойы қапаста отырмақ.

Источник: КТК арнасы

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз