Отандық портал қазақша білмейтіндерге «шала қазақ» төлқұжатын беруді ұсынды

2
63
Отандық портал қазақша білмейтіндерге \"шала қазақ\" төлқұжатын беруді ұсынды
Ана тілін білген адамдар ғана қазақ деп аталуы керек. Ал ана тілін білмейтіндердің төлқұжатына «шала қазақ» деп жазған жөн деп хабарлайды Намыс порталы.
«Қазір «қазақ» деген атқа кім лайық? Ана тілінен жұрдай, салт-санасын ұмытқан дүбәра адамдар да өздерін қазақпыз дейді. Анасы – кәріс, әкесі – орыс Геннадий Головкин де өзін «қазақпын» деп жүр. Егер осылай жүре берсек, болашақта кімнің шынайы қазақ екенін ажырата алмайтын боламыз», — деп жазады портал.Сол себепті, қазақ дегеннің кім екенін анықтап алуымыз қажет дейді материал авторы.«Ол үшін басты талап тіл болсын. Яғни, кім ана тілін біледі сол қазақ. Ал ана тілін білмейтіндердің төлқұжатына «шала қазақ» деп жазған жөн», — делінген порталдағы жазбада.

Автордың жазуынша, мұндай тәжірибе бұрын болған. Яғни, ата-бабаларымыз сіңбелерді немесе тілінен безгендерді шала қазақ деп атаған.

«Тіпті олар арнайы куәлік берген. Атақшы шежіре-тарихшы Құрбанғали Халид: «Шала қазақтыққа берілетін менің алдымда бір куәлік жатыр. 1834 жылы ұлты дегенге «шала қазақ» деп жазыпты. 2691 нөмірлі. Бұл Шах Әзім деген кісіге берілген екен. 1885 жылы 99 жасында қайтыс болды» деп жазады. («Тауарих хамса» Алматы. «Қазақстан», 1992.155-бет)», — дейді автор.

Бұл тәжірибе алғаш Аякөз жерінен басталған екен. Сол кезде осындай куәлікті 10 мыңдай адам алыпты. Автор осы тәжірибені қайтадан жаңғырту керек деп есептейді.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. қазақтың саны азайып кетеді ғой. бізге қазір қазақ болғысы келгеннің бәрін қабылдау керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз