Лукашенко келісімдер орындалмаса ЕАЭО құрамынан шығатынын ескертті

0
312

Беларусь президенті Александр Лукашенко одақтық келісімшарттар орындалмаған жағдайда Беларусь елінің ЕАЭО құрамынан шығуы мүмкін екенін жоққа шығармады деп хабарлайды Белта тілшісі.

Лукашенко келісімдер орындалмаса ЕАЭО құрамынан шығатынын ескертті
Александр Лукашенко бұл туралы бүгін бұқаралық ақпарат құралы өкілдерімен болған ашық сұхбат кезінде мәлімдеді. Беларусь президенті ЕАЭО келісімшартына ескертулермен қол қойғанын айтты.

«Оның мәні мынада: егер біз қол жеткізген келісімшарт талаптары сақталатын болса, біз ЕАЭО мәселелері бойынша өз міндетімізді мүлтіксіз орындаймыз. Ал егер ол келісімшарттар орындалмаса, онда біз өз құқығымызды пайдаланып, Одақ құрамынан шығуға дейін баратын боламыз» деді Лукашенко мырза.

Сондай-ақ ол «ЕАЭО бойынша серіктестеріміз Белорусь елінің экономикалық процестерді басқаруда тиімді жүйеге ие екенін түсінді» деп мәлімдеді.

Мұнымен қатар А. Лукашенко ЕАЭО жағдайында сауда соғыстарының болмауы тиіс екенін атап өтті. Еске сала кетейік, Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері 2014 жылдың 29 мамырында Астанадағы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысының барысында ЕЭО құру туралы келісімге қол қойды.

2014 жылдың қазанында одаққа қосылу туралы келісімге Армения қол қойды. 2014 жылдың 23 желтоқсанында ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуы туралы келісімге қол қойылды.

2015 жылдың 1 қаңтарында ЕАЭО туралы келісім өз күшіне енді. 2 қаңтарда ЕАЭО-ға Армения қосылды. Келесі қатысушы Қырғызстан болмақ. Республика 2015 жылдың 1 мамырында одақтың мүшесі атанады деп күтілуде.

Источник: Алаш Айнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз