
Түркияда жаттығуда жүрген Қытайдың олимпиада құрамасы Арменияның 21 жасқа дейінгі ұлттық құрамасымен кездесіп, оларды 4:0 есебімен жеңді.
Футболда Қазақстан сияқты жолы бола бермейтін қытайлықтардың бұл жеңісі тәп-тәуір нәтиже. Оның үстіне олар Арменияны жеңіп отыр. Алайда, біздің айтпағымыз бұл емес. Әңгіме Қытайдың олимпиадалық футбол құрамасына қабылданған қытайлық қазақ қандасымыз жайлы болмақ деп жазады Қамшы сайты.Ол – Ержет Ерзатұлы. Армениямен болған ойында өз құрамасын жеңіске жетелеп, тамаша ойнаған Ерзат Қытай қақпасын голдан аман сақтады. Құраманың негізгі қақпашысы болған Ержет, армяндардың тепкен добын ұстап, шабуылшыларын әбден әлекке салды.
Естеріңізде болса Ержет 2009-жылы Қазақстан президенті кубогында ерекше өнерімен көзге түсіп, «көрермен көзайымы» атанған болатын. Сол сәттен бастап Ержетке Еуропа клубтары ұсыныс жасай бастады. Тіпті, Қытайдың премьер-лигасындағы мықты клубтарда ұсыныс түсті.
Бірақ Ержет Еуропаны таңдады. Сөйтіп, Португалияның үшінші лигасынан бірақ шықты. Оны өз қатарларына қосқан «Gondomar s.c» командасы. Ерзат Еуропа алаңдарында доп тебетін тұңғыш шынжаңдық футболшы. Аз уақыттың ішінде португалдық ұжымның негізгі қақпашысы атанған ол өзін жақсы қырынан таныта білді.
Соған орай португалдық клуб оған беретін сыйақыны жоғарылатып, келісімді тағы бір жылға созып, биылғы маусым айына дейін ұзартқан болатын. Қытай премьер лигасындағы бірқатар командалардың жасаған ұсыныстарына қарамай, Португалияның төменгі лигадағы командасын таңдауының себебін ол «Еуропада ойнау — бұрыннан бергі арманым. Сол үшін Еуропаға барамын», — деп түсіндірген.
Айта кетейік, португалдық «Gondomar s.c» командасы 1921 жылы құрылған. Порту аймағындағы Gondomar қаласында орналасқан. Бұл команда бұрын Португалияның негізгі лигасында ойнаған.
Кейін келісілген матчтарға қатысы бар деген шешімнен соң төменгі лигаға түсірілген. Әйтпегенде, Ержет Португалияның төменгі дивизионында емес, «Порту», «Бенфика» сынды мықты клбутарға қарсы ойнар еді.
По сообщению сайта Nur.kz