
Алматыдағы көпірлер құрылымдарын жасайтын зауытта төтенше жағдай болды. Сағат таңертеңгі 11 жарымда кран құлап, бір кісі көз жұмған.
Тағы екі адам зардап шегіп, олар №4 қалалық клиникалық аурухана мен Алматы облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Ал зауыт басшылары сұхбат берген жоқ. Күзетшілері де мекеме маңына ешкімді жолатпайды.Әзірге төтенше жағдайдың қалай болғаны және марқұмның аты-жөні белгісіз. Ішкі істер департаменті осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.Еңбек инспекторлары оқиғаның қалай болғанын және қауіпсіздік ережелері сақталды ма,оны зерттеу қорытындысы дайын болғаннан кейін жариялайтынын жеткізді.«Кран құлап, бір адам қайтыс болды, екі адам жеңіл дене жарақатын алды. Қазіргі таңда инспектор оқиға болған жерде жұмыс істеп жатыр. Барлық қорытындысы қалай болғанын,не себептен болғанын комиссия анықтап,заң мен белгіленген уақытта шешім қабылдайды», — дейді Алматы қалалық Мемлекеттік еңбек және көші-қон инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Алмат Қалдыбаев.
Ал аурухана төсегіне таңылған 63 жастағы әйел мен ер кісіге дәрігерлер жедел медициналық жәрдем көрсетті. Мамандардың айтуынша олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ.
По сообщению сайта Nur.kz