
Алматыда Қазыбаев көшесімен өтетін жылу жолдарында өрт болды. Бұл туралы Алматы арнасы «Куәгер» бағдарламасы хабарлайды.Өрт жайында 101 қызметіне жақын маңдағы үйлердің тұрғындары хабарлаған. Қызыл жалын ауыздықталғаннан кейін шамамен 40-45 жас аралығындағы ер адамның мәйіті табылды.Нұсқалардың біріне сәйкес, ол бұл жерді уақытша паналаған, үй-жайы жоқ қаңғыбас болуы мүмкін. Тілсіз жауыдың себептері анықталуда.
По сообщению сайта Nur.kz