Павлодарда 22 жастағы банк қызметкері 5 миллион теңге қаржыны жымқырған

0
362
Павлодарда 22 жастағы банк қызметкері 5 миллион теңге қаржыны жымқырған
Павлодарда банк клиенттерінің жеке шотына қол салған сұғанақ менеджер ұсталды. 22 жастағы банк қызметкері 5 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған деп хабарлайды 24kz.Ол ұзақ уақыт бойы карточкаларын пайдаланбай келген адамдардың есебіне жиендік жасапты. Қармағына түскендердің бірі – 3 жыл бойы есеп карточкасынан бір тиын алмай келген 60 жастағы ер адам.Менеджер оның жеке куәлігінің көшірмесімен банк карточкасын жасатып 951 мың теңгесін қолды қылған. Осындай тәсілмен тағы үш бірдей банк клиентінің қалтасын қаққан алаяқ ұсталды.

Полицейлерге ол мұндай әрекетке баруына үйлену тойына жұмсалған қарыздарының көптігі түрткі болғанын айтып ақталған.

«Келтірілген шығынның көлемі 5 миллион теңгеден асып жығылады. Банк қызметкеріне қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Баян Мағзұмова.

Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз