Қазақстан мәдениет министрі латыншаға өту үдерісін тездету керек деп есептемейді

0
395
Қазақстан мәдениет министрі латыншаға өту үдерісін тездету керек деп есептемейді
Латын әліпбиіне көшу процесін асықтырудың қажеті жоқ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деді.
«Бұл процесті асықтырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Алайда, қабылданған бағдарлама бар. Барлығы сол бағдарламаға сәйкес жүретін болады. Латын әліпбиіне көшу – ұзақ процесс екенін ұмытпаңыздар. Бағдарламаға сай, қай жылы қандай шара қолданатынымыз жоспарланып отыр», — деді министр.Ол латын қаріпіне көшу бойынша негізгі жұмыс 2025 жылдан басталатынын жеткізген. Арыстан Мұхамедиұлының айтуынша, қазір ғалымдар бұл мәселені зерттеп жатыр.

«Оның үстіне, барлық оқу бағдарламаларын латын қаріпіне ауыстыру керек. Бұл да үлкен дайындықты қажет етеді. Сондықтан, асықпаған жөн», — деп түйіндеді пікірін министр.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз