
Облыс орталығынан шалғай орналасқан Қазталовта табиғи газ желісінен шыққан ақау салдарынан тұрғын үй отқа оранды.
Төтенше жағдай қызметкерлерінің күшімен тілсіз жауға тойтарыс берілген, бірақ тұрғын үй түгел жанып кеткен. Нәтижесінде осы үй тұрғындары – 1925 жылы туған қария мен оның қызы мен күйеу баласы зардап шекті.Оқиға 29 қаңтар күні сағат 7:00-де болған. Денесінің 60%-ын күйік шалған қарияның 1953 жылы туған күйеу баласы санитарлық авиацияның көмегімен облыс орталығына жеткізілді.
Аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың айтуынша, осы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізіліп, зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары басталып кеткен.
Қыстың көзі қырауда баспанасыз қалған отбасыға қазір барша ауыл тұрғындары көмек қолын созуда. Сонымен қатар, аудандағы мекеме-ұйымдар да зардап шеккендерге көмек беруде. Қазір мамандар апаттың себебін анықтауға кірісті.
По сообщению сайта Nur.kz