Илья Ильиннің жаттықтырушысы Қазақстан құрамасының аға бапкері болды

0
58
Илья Ильиннің жаттықтырушысы Қазақстан құрамасының аға бапкері болды
Ержас Болтаев ауыр атлетикадан Қазақстанның ерлер құрамасын, ал Велорий Пак әйелдер құрамасының аға бапкері болып бекітілді, деп хабарлайды «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бапкерлер қосынында өзгерістер болды. Бұған дейін ауыр атлетикадан Қазақстанның ерлер құрамасын жаттықтырып келген Велорий Пак енді әйелдер құрамасының тізгінін ұстайтын болды.Қазақстанның ерлер құрамасы Ержас Болтаевқа сеніп тапсырылды. Бұл туралы кеше Астанада өткен  ауыр атлетика федерациясының жиналысы барысында ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни айтты.

Ал осы уақытқа дейін Қазақстанның әйелдер құрамасының аға бапкері болып келген Иван Сивохин енді зілтеміршілердің физикалық дайындықтарын қадағалайтын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Ержас Болтаев өзінің жеке командасын ғана жаттықтырып жүрген. Оған – Илья Ильин, Владимир Седов, Жасұлан Қыдырбаев, Александр Зайчиков, Рүстем Сыбай секілді ауыр және аса ауыр салмақта өнер көрсететін жігіттер бар еді.

Енді ол Қазақстан құрамасына кіретін барлық ер зілтеміршілердің жаттықтыратын болады. Ал, оған бұл қызметке Тойшан Бектеміров көмектеседі.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз