Қайта-қайта талып жатқан генерал Жоламанов үйқамаққа ауысқысы келеді

0
306

5Генерал Жоламанов тергеу изоляторынан үй қамаққа ауыстырылуы мүмкін. Шекара қызметінің бұрынғы директорының адвокаттары осыны талап етіп, судьяның атына өтініш жазбақшы.

Себебі осымен екінші күн қатарынан Нұрлан Жоламанов сотта талып жатыр. Бүгін де қан қысымы күрт көтеріліп сот ғимаратына тағы жедел-жәрдем шақыртуға тура келді. Дәрігерлер тым мазасызданып кеткен  генералға тыныштық қажет деп отыр. Осыған қарағанда, Жоламанов бағыныштыларының талай былықты әшкерелеп жатқанын көтере алмаса керек. Дегенмен басты күдіктінің ауруы асқынғандықтан атышулы процес 2 ақпанға яғни алдағы дүйсенбіге қалдырылды. Шекара қызметінің экс-басшысы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, тендерді ұтып беру үшін кәсіпкерлерден 252 миллион пара алды деп айыпталып жатыр. Алайда, өзі кінәсін мойындаған жоқ. Енді денсаулығы сыр берген Жоламановты қорғаушылары үйқамаққа ауыстыруды ойлап отыр.

Мағауия Елемесов, Н.Жоламановтың адвокаты:

– Бұл мүмкін. Біз кез-келген күні өтініш жаза аламыз. Бұл мәселе біздің алдымызда тұрған міндеттің бірі. 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз