Қарағандыда 7 сынып оқушысы тізгіндеген көліктің иесі анықталды

0
337
Қарағандыда 7 сынып оқушысы тізгіндеген көліктің иесі анықталды
Қарағандыда мектептен шыққан оқушының көлікті тізгіндеп кеткені бейнетіркеуішке түсіп қалған. Онымен қоймай, қыз көлікке өзінің кішкентай нәресте ұстаған анасын мінгізіп алыпты.Қарағандының полицейлері көліктің иесін анықтадық дегендерімен, Әкімшілік Кодекске енген өзгерістерге байланысты қандай шара қолдану керектігін білмей отырмыз деп күмілжіді. Тіпті сасқандары сонша, кішкентай қыздың жасы 17-ден асқан бойжеткен деп бой берер емес.Арқасында алқызыл сөмкесі бар 12-13 жас шамасындағы қыз баланың көлік қозғалтқышын іске қосқаны көрініп тұр. Ал оның жанына бала көтерген келіншек келіп, алдыңғы орынға жайғасады. Мұнда тіпті сәбиге арналған автоорындық жайлы сөз қозғаудың қажеті жоқ.

Қыз бала тізгіндеген көлік сәлден кейін көзден таса болды. Ғаламторға жарияланған бейнеролик қып қызыл пікірталас туғызды. Біреулер мұны құптаса, екіншілері осыған жол берген ата-ананы жерден алып жерге салған. Үшіншілері тіпті «бұл шенеуніктің көлігі болғасын бала-шағасы тайраңдап жүр» дегенді айтады.

По сообщению сайта Nur.kz

Поделиться

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз