
Қарағандыда тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде тараған оқушы қыздың Lexus көлігін жүргізіп жүргені бейнеленген бейнеоролик бойынша тергеу жүргізді, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
Полиция ақпаратынша, рөлге отырған қыздың жасы 17-де, ал оның анасы 38 жаста.«Көлік басқару құқығы болмағанына қарамастан, рөлге отырған 1998 жылы туған қыз балаға ҚР ӘҚК 612-бабы 2-бөлімі бойынша хаттама толтырылды. Оның анасына қатысты екі ҚР ӘҚК 612-бабы 5-бөлімі және ҚР ӘҚК 593-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жаңа кодекске сай аталған баптар бойынша шамамен 140 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
Осыған дейін хабарланғандай, Қарағандыда көліктерді бейнебақылау құралдары оқушы қыздың Lexus көлігін жүргізіп жүргенін жазып алған.
Видеоны lexter890 есімді пайдаланушы YouTube-ке орналастырған. Көлік есігін ашқан оқушы қыз оның артқы орындығына сөмкесін қойып, өзі жүргізушінің орнына отырды. Бұдан кейін көлікке бала ұстаған әйел келіп, жүргізушінің қасына отырады. Қыз бала көлікті оталдырып, жолға қарай бет алған.
По сообщению сайта Nur.kz