Елордада «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 550 метр» деген атаумен марафон-флешмоб өтті

2
48
Елордада «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 550 метр» деген атаумен марафон-флешмоб өтті
Бүгін елордада «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 550 метр» деген атаумен марафон-флешмоб өтті. Марафон флеш-мобтың ашылу рәсіміне қатысқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев барша қазақстандықтарды алдағы ұлы мерекемен құттықтады, деп ҚазАқпарат хабарлады.

«Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отырмыз. Ал бүгін елордамызда Елбасымыздың бастамасымен аталып өтілетін еліміз үшін үлкен шараның тұсаукесері өтуде десек те болады», — деді Е.Аманшаев.

Айта кетерлігі, Астана әкімдігінің Қазақстанның Әуесқой триатлон федерациясымен бірлесіп ұйымдастырған шараға елімізге белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері, студенттер мен қала тұрғындары, жалпы 550 адам қатысты.По сообщению сайта Матрица.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз