Жүз жыл бір шаңырақ астында өмір сүрген қариялар

0
700

Көп жасаған адамдар жайлы айтылып жатады. Алайда бір шаңырақ астында бақандай бір ғасыр бірге өмір сүрген 4адамдар туралы аз естиміз. Тіпті, бұндай ғажайыптың болмауы да мүмкін. Алайда, адамзат тарихында сирек кезесетін бұл жайттың басқа емес, ен даланы мекендеген өз қазағымыздың арасынан шыққаны таңғалдырады. Кезінде бір шаңырақ астында 100 жыл бірге ғұмыр кешкен Баян-Өлгий аймағы Дэлүүн сұмыны тұрғындары  118 жастағы  Ж.Ақбай қария мен 116 жастағы А.Кәмила анамыз туралы ақпарат алты құрлыққа тарағанын біреу білсе, біреу білмейді.

 Бір отбасында бір ғасыр өмір сүрген ерлі-зайыпты қариялар туралы мақала моңғолдың «Үнэн» газетінде, орыс тіліндегі  «Новости Монголии»  газетінде басылып, кейін КСРО-ның «ТАСС» агенттігі ғажайып жаңалық ретінде жариялапты.

Сонымен қатар «Ассошейтед пресс», «Юнайтед пресс», Жапонияның  «Цуцина», ҚХР-ның «Шиньхуа» агенттіктері ақпарат  таратқан. Ал, АҚШ-тың «Нъю-Йорк таймс» газетінде қос қария туралы мақала шығысымен америкалықтар қатты қызығыпты.

«Олар не жеп, немен айналысады, көп жасау құпияларын міндетті түрде біліп берсеңіздер!» деп,  АҚШ-ның КСРО-дағы ««Нъю-Йорк таймс» газеті өкілдігіне тапсырма береді. Оқырмандар тапсырысын қанағаттандыру мақсатында америкалық журналистер Моңғолияға келер алдында сол кездегі қазақ журналисті Ислам Қабышқа (Бұл кісі қазір Моңғолия Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы) телефон соғып, «Мәскеуден Ұланбатырға ұшақпен барамыз. Дэлүүн сұмынына қалай жетеміз? Арнайы ұшақ жалдауымызға да болады. Қарттарға жету үшін қандай автокөлікпен жүреміз» деп сұрақ жаудырыпты. Абыржып қалған Қабекең:

– Ертең жауабын айтайын,- деп құтылады. Бұны ести сала МХР-дың Сыртқы істер министрлігінің үлкен лауазымды шенеунігі телефон шалып:

загружено (1)-Елімізге келмекші болып отырған Американың аты шулы журналисті 1960 жылы КСРО-ның басшысы Никита Сергеевич Хрущев шетелдік журналитермен кездесуінде: «Сіз ұрыншақ ит айға қарап үреді»  дегендей  Америка елін неге  жек көресіз, сіздер қашан Кеңес Одағы адамын  айға құрбандыққа лақтырғалы жатырсыздар»  деп шу көтерген А.Шарифа деген қыңыр, коммунизм, социализммен өш алам. Егер ол елімізге келсе, біздің масқара етіп,  жаһанға жар салады.  Қандай болса да бір амал қолданып, оны келтірмеу жағын ойла! – деп бұйырады.

Осы оқиғадан соң А.Шарифа Қабекеңе түн ішінде 4 рет қоңырау шалады. Бірақ, ол кісі журналистке басқа сылтау айтып келтірмеудің амалын табады. Сөйтіп, Алтайдың жайлауында отырған қарияларға өзі барып қайтады. Сол жолғы спарын Қабекең былай әңгімелейді:

«Мал аяқтанған көктем мезгілі еді. Олар қыстауында отыр екен. Дэлүүн сұмындық партия комитетінің бастығы Ж. Ауғанбай екеуіміз қарттармен кездесу үшін олардың қыстауына бардық. Мен дүкеннен ақсақалға үлкен орамал, 1 келі кәмпит, кейуанаға 3 метр ақ шыт алып жатқанда Ж.Ауғанбай:

-Екеуіне екі бөліп орап алмасаң, апамыз жолдасынан тартып алуы мүмкін, — дегенде «бұл неге қалжыңдап» тұр деп ойладым.

Үш мәшинемен шыққан біздер ауылға да келіп жеттік. Кішкентай балалар көлікті айналсоқтап, оның шағын радиосын алыстан қызықтап жатты. Олардың ішінде аласа бойлы қарт ана да тамашалап тұрды. Ауғанбай: «Бұл әлгі 116 жастағы Кәмила апамыз,»- деп мені түртті. «Адам жас күнінде бір бала, қартайған соң бір бала » деген осы екен ғой дестік.

Кәмила апа менің  әкелген кәмпиттеріме қайта-қайта қарап, баладай қуанып отырды. Ал Ақбай ақсақал екі бөлмелі үйдің түпкі бөлмесінде пештің қасында аяғына мәсі киіп, үстіне ішік жамылып отыр екен. Тізесі  тоңатындықтан жылы тон, күпімен орап, пештің жанына отырғызып қоятын көрінеді. Бойшаң, толық денелі ақсақал: «Көп жасағанмен, көпке көмегіміз жоқ. Отанымызда амандық, тыныштық болса деп тілеп отырамыз. Қазақ, моңғол халқы көп қиыншылықты басынан өткізді. Біз не көрмедік дейсің. Соңғы 50-60 жылда жұртшылықпен бірге жырғаулы өмір сүріп жатырмыз. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға да жеттік. Халқым аман болсын дегенннен басқа тілек жоқ менде» деп, айтқанын әдейі үнтаспаға түсіріп алдым.

Ақбай қарт Абақ Керей руынан, сүйегі- қарақас. 1912 жылы көктемнің дәл осы уағында Дамбийжанцан лаңынан үріккен Қарақас ауылдары «Жалғыз ағаш» асуы арқылы Алтай аспақ болғанда 40 әскердің қоршауында қалып, 50 баланы киізге орап тастап,  қалғанын қырып, Қарақас ру басшысы Ақынбекті тірідей сойып, тұлып жасап, аярлықпен өлтіреді. Киізге оралған 50 баладан Рахымбек есімді бала ғана аман қалады. Осы зобалаңнан Ақбай ауылы Ахунт сайы басына тығылып аман қалғаны жөнінде Ж.Ауғанбай әңгімелеп берді.

3b84ca3684d6da1627730ae0944ca35fАқбай ата 90 жасқа дейін бес уақыт намазын оқып келсе, одан кейін  мінажат етуді қойған көрінеді. Камила апа тоғыз қыз, үш ұл бала дүниеге әкелсе, 92 жастағы қызы Қобда аймағының Қобда сумыннында тұрады.

Екі ұлы ерте дүниеден озып, қалған жалғыз ұлы Халх өзені бойындағы шайқаста қаза тапқан. Төртінші қызы қырқынан шыққан кезде асырап алған ұлы А. Мурсал ата-анасын баладай мәпелеп қарап отыр екен».

Осы кездесуден үш жыл өткен соң Ақбай қария дүниеден қайтады. Сонда қарияның Қобда аймағы Қобда сұмынындағы 93 жастағы қызы: «Жүз жиырма жасаған әкем-ай, 118-дегі анамды жетісінде алып кеткені-ай, Болмағанда он-жиырма күн, Бізбен бірге болмады ғой»,- деп көріс айтып жоқтағанда, жиналған жұрт көзіне жас алып: «Амал жоқ 93-тегі қызы екеуінен де қатар айырылды»,- десіпті. Ақбай ақсақал қайтыс болған соң тура 1 аптадан кейін 93-тегі қызының қолында Камила әже көз жұмыпты.

Осылайша, қос қария екеуінің бірі 120 жас, екіншісі 118 жасында  арасына бір жұма салып, жарық дүниемен қош айтысыпты. Расында таңдаранлық жағдай. Бұл тек сүйегі асыл, сыйластығы бекем, таза табиғаттан нәр алған бұрынғының адамдарының басында ғана болатын құбылыс шығар. Қазір бір шаңырақтың астында бір ғасыр жасау тек аңыз, қиял-ғажайып секілді сезілетін болар…

Қазақтың әрбір шаңырағына осы қариялардың ғұмыры мен бақытын тілейміз.

(Материал Қабыш Исламның 1974 жылы жазған мақаласынан ықшамдалып алынды. Мақаланы қазақшаға аударған журналист Сәбет Насырұлы)

Дереккөз: qiyan.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз