«Ислам мемлекеті» содырлары екінші жапондық тілшіні өлтірді

0
270

«Ислам мемлекетінің» лаңкестері екінші жапондық тұтқын Кэндзи Готоны өлтірді. Бұл туралы 31 қаңтар күні лаңкестер таратқан бейнежазбаға сілтеме жасай отырып Agence France-Presse хабарлайды.


Бейнежазбада жапондық журналист қызғылт сары түсті киімде тізерлеп тұрады. Жанында қолында пышағы бар бетперде киген адам Жапония билігін оның өлімі үшін айыптайды.

«Сіздердің жеңілетін ақылға қонымсыз шешімдеріңіздің кесірінен мына пышақ тек Кэндзиді ғана өлтіріп қоймай, сіздердің көптеген адамдарыңызға жетеді. Бұдан былай Жапонияда сұмдық басталсын», – дейді лаңкес.

Бейнежазба лаңкестің тұтқынды өлтіруімен аяқталады. Жапония билігі бейнежазбаның шынайы екендігін растады. Жапонияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ясухидэ Накаяма бұрынырақ жапон тілшісіне қатысты жағдайдың тығырыққа тірелгендігін мәлімдеген болатын.

Жапон билігі Иорданиямен келіссөз жүргізіп, иордан түрмелерінің бірінде отырған лаңкес әйелге айырбастау мүмкіндігін де жоққа шығармағап еді. 24 қаңтарда «Ислам мемлекеті» өлтірілген тілші Харун Юкава суретін ұстаған Кэндзи Готоның лаңкестік ұйымның жаңа талаптарын баяндаған бейнежазбасын жариялаған еді.

Лаңкестер жапон билігіне Иордания басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Саджида ар-Ришави есімді лаңкес әйелді босатуды ұсынған.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда лаңкестер 2 жапон азаматын тұтқынға алып, олар үшін 200 млн доллар ақша талап еткен еді. Содырлар Токиоға аталған соманы толық өтеулері үшін 3 тәулік беріп, сома өтелмеген жағдайда екеуін де өлтіретіндіктерін де айтқан болатын.

Источник: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз