Қазақстанда шымкенттіктерге арналған фильм түсірілді. Ғаламторға аталған фильмнің трейлері шықты деп хабарлайды «Вконтакте» желісіндегі «За тебя Баке» парақшасы.
Орыс тілінде түсірілген фильм шымкенттіктердің өзге қалалардағы өмірін сипаттаған. Одан бөлек, еліміздегі Шымкент тұрғындары туралы қалыптасқан пікірлер фильмде анық көрсетіледі.
Фильмді көңілді тапқырлар клубы арқылы танылған Жәнібек Жанғараев түсірген. Басты рөлде танымал әзілкеш Шапағат Орынбаев ойнайды.
Фильм көктем айларында ел кинотеатрларында көрсетілмек.