
Бұрындары сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсауына әскердегі әлімжеттік себеп болатын. Ал қазіргі дәйектерге сенсек, бұл көрсеткіш мүлдем төмендепті. Яғни, тәртіп күшейіп келеді. Алайда, бірді-екілі басбұзар сардар әлі де бар екен.
Барлық жағдайда бригада командирлері заңды бұзған бағыныштыларын өзі ұстап бере бермейді. Тіпті кейбірі өз жұмысына кір келмес үшін жасырады екен. Бүгінгі жиында ондай заңсыздықтардың тіркелгені айтылса да, нақты адамдардың аттары аталмады.
ЕРҒАЛИ МЕРЗАДИНОВ, ҚР Бас әскери прокуроры:
Кемшіліктерді немесе жасалған қылмыстарды жасырса, ондай командирлермен заңды түрде әңгіме басқа болады. Бұл жерде тағы жақсы жұмыс істеген командирлердің аты айтылып жатыр.
Өкінішке орай, Астана орналасқан Ақмола гарнизонында заңсыздықтар азаюдың орнына, көбейген. Әскерилердің өліміне жол бермеу керек деген Мерзадинов мырза, 2015 жылды суицидтің алдын алу жылы деп жариялады. Бұл жоспарды әдеттегідей жиындар өткізу арқылы жүзеге асырмақ.
Бақытнұр Әлібай, Нұркен Тоқмурзин.