Ақтауда көше бойынан жас әйелдің денесі табылды (фото)

2
44

Ақтауда белгісіз жағдайда әйел адам қаза тапты деп хабарлайды Лада порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ақтауда көше бойынан жас әйелдің денесі табылды (фото)

Жексенбі, яғни 1 ақпан күні сағат күндізгі 5-тер шамасында жолаушылар Ақтаудың 5 ықшам ауданынан көшеде өтіп бара жатқан  белгісіз әйелдің мәйітін байқаған.

Олар бірден полиция және жедел жәрдем қызметін шақырған. Оқиға орнына жеткен адамдардың ешқайсысы да қыздың өлімі неден болғанын нақты айта алмады.

Жергілікті Лада порталының хабарлауынша, әйелдің алған жарақтаттардан қаза болғаны белгілі, алайда өліміне себепкер болған нақты себеп белгісіз.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің болжауынша, қыздың өліміне себеп оның биіктен құлауы болған дейді. Полицейлер де ол өз-өзіне қол жұмсаған деген тоқтамға келген. Алайда куәгерлердің бірінің айтуынша, мәйіттің қасында автокөлік тұрған. Ол мәйітке қарап, бірден оқиға орнынан кетіп қалған.

Ал оқиға орнына жиналғандар қызды автокөлік қағып кеткен деген тоқтамға келді. Ал үшінші үйдің тұрғындарының айтуынша, бұл қызды бұрын-соңды бұл үйден көрмеген, яғни ол үйде тұрмағынын айтты.

Енді қыздың нақты неден қайтыс болғынын мамандар анықтамақ. 

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз