Астанада әйелі мен күйеуі өз баласын автокөлікке айырбастамақ болған

0
260
Астанада әйелі мен күйеуі өз баласын автокөлікке айырбастамақ болған
Астанада Өзбекстаннан келген ерлі-зайыпты өздерінің жаңа туған нәрестені «Тойота Камри» көлігіне айырбастау кезінде қолға түсті. Бұл туралы Астана қаласының ІІД-не сілтеме жасап 24kz хабарлайды.Нәрестені автомобильге айырбастамақ болған ата-ана туралы ақпарат Астана қаласының ІІД ұйымдастырылған қылмыспен күрес жөніндегі басқармасына келіп түскен.Жедел ісздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдіктілердің тұлғасы анықталды. Олар Өзбекстан Республикасынан келген ерлі-зайыптылар болып шықты. Әйелі 25, күйеуі 29 жаста екен.

Тәртіп сақшылары 27 қаңтар күні әйел салмағы 3,8 келі сап-сау бала дүниеге әкелгендігін анықтады. 29 қаңтар күні автокөлікке баланы айырбастауға бас сенімхатты нотариалды рәсімдеуден кейін ерлі-зайыптылар қолға түсті.

Қазіргі уақытта бала ауруханаға жатқызылды. Қолға түскендер уақытша изоляторға қамалды. Күдікті әйел жұмыссыз, ал күйеуі қала кәсіпорындарының бірінде жұмыс істейтіндігі анықталды.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігімен (кәмелетке толмаған баланы сату) қылмыстық іс қозғалды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз