Баян Есентаева өзін қазақ тілін білмегені үшін сынайтындарға жауап берді

3
212

Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева өзін қазақ тілін білмегені үшін сынағандарға әлеуметтік желілер арқылы жауап берді.
Баян Есентаева өзін қазақ тілін білмегені үшін сынайтындарға жауап берді

Оның айтуынша туған тілін білмегені үшін жиі сын естиді екен.

«Иә, дәл солай, мен орыс тілінде ойлаймын, орыс балабақшасына бардым, орыс мектебін бітірдім, ол кезде қалада тек бір ғана қазақ мектебі бар болатын, бірақ ол ақталғаным емес, ақталғым келмейді де! Мен өзіме сын айтатындардан, менен қай жеріңіз жақсы, өз халқыңыз бен еліңіз үшін не істедіңіздер? деп сұрағым келеді. Тек қана қазақша сөйлегеніңіз үшін өздеріңізді нағыз қазақ ретінде санауға кім құқық берді? Мен – қазақпын! Жүрегім қазақ! Жаным қазақ! Істеген істерімнің барлығы, біріншіден, қазақ тілін, мәдениетін және шығармашылығын дамыту үшін жасалады», – деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.

Өз сөздерін растау үшін ол «Қазақ аруы» байқауының өткізілуін мысалға келтірді.

«Қазір мен орысша сөйлесем де «Қазақ аруы» байқауын дайындап жүрмін. Бұл жоба ең біріншіден, қазақ халқының тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін дамытуға бағытталған! Мен ештеңеден ұялмаймын! Мен Қазақстанды, біздің көпұлтты елімізде тұратын адамдардың барлығын жақсы көремін! Барлығыңызға жақсылық тілеймін!», – деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Баян Есентаева танымал «КешYOU» және «Лашын» топтарының, сондай-ақ Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева және Әнел Арынованың продюсері болып табылады.

Қазақстандықтарға ол телехикаялардың актрисасы мен продюсері ретінде де танымал.

Источник: ИА «Казинформ»

3 ПІКІРЛЕР

  1. мен қазақша сөйлей аламын сол маған жетеді – деп ана тіліңізге мұрын шүйіре қарағаныңыз есіңізде ма? басқалар сізді сол үшін жазғырады. менде сол үшін сізге ренжулімін. бірақ, еңбегіңізді силаймын. ел үшін еткен еңбегіңіз жана берсін деймін.

  2. Əрбір нағыз қазақ баласына »ана тілін »үйретіп еліне пайда əкеліп жатыр. Жүрегім, жан-дүнием қазақ деп абстракциялап, адамды шатастырмай, шуламай-ақ қойса қайтеді? Менің жан-дүнием көгілдір, сондықтан суретшімін десем Баян маған күлер ме еді? Мен мүлдем таң қалам, қалай қазақ тілін жетік білмей, əн айтуды, мəдениетті үйретіп жүр?! Ол тек қана қазақ əншілері мен арулары арқылы бизнес жасап отыр, соны білген қазаққа сен не істеп отырсың дегені ұят- ақ! Одан да тыныш бизнесін жасай бермей ме?!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз