Алматыда көлік құны 30%-ға арзандады

2
48

Алматыда көлік арзандады. Бірнеше күнде машина құны бірден 30 пайызға дейін төмендеп кеткен. Салдарынан отандық темір тұлпар сатушы компаниялар шығынға батуда деп хабарлайды Алматы арнасы.Алматыда көлік құны 30%-ға арзандады

Олар сұранысты азайтпау үшін өз есептерінен көлік бағасын 30 пайызға қол жетімді қылыпты. Ал биліктегілер Ресейден әкелінетін машиналарға уақытша тыйым салмақшы. Көршілес Ресейден келетін көлік импортына уақытша шектеу қойылуы мүмкін. Ел үкіметі бұл мәселені келесі аптада Мәскеуде талқылайды.

Айта кетсек, былтыр елімізде 37 мың машинаны құрастырылып, оның 32-сі сатылған. Жалпы көлік өндірісінің үлесін алдағы уақытта арттыру жоспарланып отыр. Ал сарапшылардың айтуынша, Ресей көліктеріне шектеу қойылса, елдегі автокөлік құны айтарлықтай құбылмайды.

«Шектеу қойғаннан көлік бағалары өзгермейді. Қазақстандағы ескі автокөліктер сол бағада болады. Бірақ алып келінген 2008 жыл көлік бағаларының айырмашылығы болуы мүмкін. Нарық ашылғаннан кейін автокөліктердің бағасы төмендейді. Ресейден алынып келіп жатқан көліктер сұранысты қанағаттандырып отыр», – дейді экономист-сарапшы Ахмет Шах Абылғазы.

Тәуелсіз автомобиль одағындағылар, ел үкіметі Ресей көліктерінің тасымалдануына тыйым салса, автокөлік нарығы 10 пайызға қымбаттайды дегенді айтады.

«Егерде автокөліктерге қатысты шектеу нақты қойылатын болса, елдегі көліктер бағасының шарықтауына әкеп соғады. Ресми диллерлер мен көлік алып-сатарлары тағыда бағаны көтереді. Салдарынан көпшілік жұрт темір тұлпарға қол жеткізу үшін біраз ақшасынан қағылатын болады», – деді тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков.

Біріңғай экономикалық кеңістікке кіргелі елдегі автодиллерлер керісінше көлік бағаларын төмендетті. Салондарда машиналардың құны, оның маркаларына байланысты 15 пен 30 пайыз аралығында арзандап отыр. Мұндай қадамға отандық көлік сатушылар, сұранысты арттыру мақсатында барған

Ал біріңғай экономикалық кеңістікке кіргелі елдегі автодиллерлер керісінше көлік бағаларын төмендетті. Салондарда машиналардың құны, оның маркаларына байланысты 15 пен 30 пайыз аралығында арзандап отыр. Мұндай қадамға отандық көлік сатушылар, сұранысты арттыру мақсатында барған.

«Біз көлік құнын өз есебімізден түсіріп отырмыз. Өйткені автомобиль өндірісшілерімен баға саясаты бойынша белгілі бір келісімге әзірге келгеніміз жоқ. Өндірісшілермен келіссөздер ақпан айының соңында аяқталады деп күтілуде. Нарық талабына байланысты оң шешім қабылданса, жағдай біршама оңалар деген үміттеміз. Қалай десекте, біз көлік бағасын көтермейміз», – дейді «Астана Моторс» ҚМК дистрибуция жөніндегі директоры Антон Афонин.

Елдегі көлік нарығында сауда-саттық өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға төмендеген. Сарапшылардың айтуынша, соңғы бес жылда машиналардың бағасы біртіндеп құлдырай бастапты. Енді ресми диллерлер шетел нарығына жұтылып, құрдымға кетпес үшін автосалондарында отандық көліктердің үлесін арттырмақ.

Елімізде 2013 жылы 153 мың жеңіл көлік диллер көмегімен сатылған. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2000 мың автомобильге аз. Ал Ресейде жылына 3 милион автокөлік сатылады екен.

Источник: Алматы ТВ

2 ПІКІРЛЕР

  1. бізде алі ақ бәрі қзіндік құнына келеді. әсіресе үй бағасы. үйткені бізде үйге соншалықты қымбаттатып жіберетіндей сұраныс жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз