Ақтау орталығында көлікті мас күйінде тізгіндеген ауыл әкімі ұсталды

2
45

Ақтауда жол-патрульдік полиция Chevrolet Niva көлігін тізгіндеген жүргізушіні ұстады. Ол көлікті басқаруға мас күйінде отырған. Жолда жүру ережесін бұзған шенеунік болып шықты.

Ақтау орталығында көлікті мас күйінде тізгіндеген ауыл әкімі ұсталды
Ақтауда ауыл әкімі мас күйінде ұсталды

Бұл туралы жергілікті «Лада» басылымына Ақтау ІІБ-ның әкімшілік полициясынан хабарланды.

Оқиға 1 ақпан күні Ақтау қаласының орталығында орын алды. Жол-патрульдік полиция инспекторлары арнайы рейд кезінде әкімді ұстаған.

Жол-патрульдік қызметінің батальон командирі Қалдымұрат Айғарақов ұсталған азаматтың Өмірзақ поселкісінің әкімі Н. Құрманбаев екенін растады. Барлық сыртқы сипаты бойынша азаматтың мас күйінде көлікті тізгіндегені белгілі болғандықтан, ол наркологиялық орталыққа жеткізілді. Дәрігер инспекторлардың күдігін растады.

Ұсталған әкімге қатысты көлікті мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік іс-қағаз толтырылды.

«Мас жүргізуші – қылмыскер» атты ЖКО-ны алдын алу жедел шарасы барысында 3 күнде 21 мас жүргізуші ұсталды. Барлығына қатысты әкімшілік іс-қағаздар толтырылып, енді олар 3 жылға көлікті басқару құқынан айырылуы мүмкін. 

Источник: NUR.KZ

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз