Қытайлық «Sinosteel» компаниясы Қарағандыда ірі зауыт құрылысын бастамақ

0
298

Қытайлық «Sinosteel» компаниясы Қарағандыда ірі зауыт құрылысын бастамақ. Жаңа жоба бойынше екі жақты меморандум жасалды.

Қытайлық
Фото: sinosteel

Бұл жөнінде Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақпарат жазды.

Жоба «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағында қолға алынбақ. Ферро-силикоалюминий қорытпасын шығаратын зауыт инновациялық технологияны қолдану арқылы салынады. Жобаны жүзеге асыру үшін аймаққа 82,5 млрд теңге инвестиция тартылмақ.

«Бұл шамамен 3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деген жоспар бар»,- деді Қарағанды облысының әкімі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз