Дзюдодан моңғол қызының Қазақстан атынан өнер көрсететіні ресми расталды

0
311
Дзюдодан моңғол қызының Қазақстан атынан өнер көрсететіні ресми расталды
Моңғолиялық дзюдошы қыз Галбадрахын Отгонцэгцэг құжаттары толық рәсімделгеннен кейін Қазақстан атынан өнер көрсететін болады.Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіне келген Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Марат Мықтыбеков мәлімдеді.«Галбадрахын Моңғолия құрамасының 48 келі салмақтағы екінші нөмірлі дзюдошысы. Әлемдік рейтингте бесінші орында орналасқан. Бірінші орында әлем чемпионы Уранцэцэг Мунхбаттың тұрғанын білесіздер. Отгонцэгцэг Қазақстан азаматтығын алып, құжат мәселері толығымен шешілсе, еліміздің атынан алдағы әлем чемпионатына қатысатын болады. Бұл тәжірибе алмасу. Бұдан біз ұтылмаймыз. Легионер тарту басқа спорт түрлерінде де бар», – дейді Мықтыбеков.

Айта кетсек, қаңтар айының басында Қазақстан және Моңғолияның дзюдо федерациясы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған болатын.

Құжатқа сай тараптар өз мемлекеттерінде өткізілетін спорттық іс-шаралар туралы ақпаратпен, дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламаларымен, ұлттық құрама командаларды дайындау мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік құралдарымен бөліседі.

Сонымен қатар, спорттық ғимараттар құрылысы, оларды пайдалану және басқару, спорттық маркетингті дамыту тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасу көзделген.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз