Астанада наразылық танытқан екі әйелді полиция ұстады

4
32
Астанада наразылық танытқан екі әйелді полиция ұстады
Бүгін Астанадағы АҚШ елшілігіне жергілікті билік орындарының үстінен шағым айтып барған Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынын полиция ұстап әкетті.Семей қаласының тұрғындары Гүлбаршын Бақтыбаева мен Рысқайша Керкімбева бүгін Астанадағы АҚШ елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізбек болды. Бірақ, полиция оларды дереу ұстап алып кетті.

Гүлбаршын Бақтыбаеваның қызы Мөлдір Бақтыбаеваның Азаттыққа айтуынша, анасы несиеге алған үйін алып қойған банктің әрекетіне берген шағымын қараған сот шешіміне разы болмаған.

«Бас прокурор Асхат Дауылбаев, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашевтің қабылдауында болдық. Олардан шығарып салма жауап естіп, үмітсіз қалғандықтан ел назарын аударту үшін осы елшіліктің алдында наразылық шарасын өткізбек болды» дейді Мөлдір Бақтыбаева.

АҚШ елшілігі маңынан ұсталған екі әйелді Астананың Алматы аудандық полиция бөлімінде екі сағат шамасында ұстаған соң, жазуы бар плакатты тәркілеп, өздерін босатқан.

По сообщению сайта Nur.kz

4 ПІКІРЛЕР

  1. жапония мен сингапор сяқты арал мемлекеті емес, кең байтақ жерде отырып, халықты баспанаға осынша зәру қылу, биліктің қасақана істеп отырған монополиясы деп білемін.

  2. халықты баспана дауы үшін шетелден әділдік сұрауға дейін жеткізу, біздей кең жерде отырған халықты басқарып отырған үкмет үшін үят.

  3. егер соы жерде жапон мен сингапор халқы отырса, халықты тұрмыстың күйбіңіне салмай, өнім өндіруге жол көрсетер еді. қазақтың осы екі келіншегі батыр екен. мәселе осыншалық ушығатын кезіне келді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз