
Грек-рим күресі бойынша қазақстандық балуандар Париждегі бәсекеде 4 медальға ие болды, деп хабарлады спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен.
71 кг салмақ дәрежесінде Асхат Жаңбыров ақтық сында Швециялық Закарьясу Талдотудан жеңіліп, күміс медальға ие болды. Осы салмақ дәрежесінде қола жүлде қазақстандық Ибрагим Магомадовқа бұйырды.59 кг салмақ дәрежесінде Мейірбек Дөненбеков екінші орынға ие болды. Ақтық сында ол жергілікті спортшы Тарику Белмаданиден ұтылды. Нұрлан Әлжанов қоладан алқа тақты.
Биыл гран-приде Қазақстаннан грек-рим күресі бойынша құрама ғана қатысты. Еске сала кетейік, грек-рим күресі бойынша өзге құрама Колорадо Спрингсте (АҚШ) өткен халықаралық додада 10 медальға қол жеткізді.
Оның төртеуі алтын, екеуі күміс және төртеуі қола медаль. Алтын алқаны олжалағандар Демеу Жадыраев (66 кг), Досжан Картиков (75 кг), Ерұлан Ысқақов (98 кг) және Нұрмахан Тінәлиев (120 кг). Күміс медаль иегері атанғандар Алмат Кебіспаев (66 кг), Мақсат Ережепов (75 кг). Үшінші орынға ие болғандар Мейрамбек Айнағұлов (59 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (85 кг), Асхат Ділмұхамедов (80 кг) және Азамат Қыстыбаев (85 кг).
По сообщению сайта Nur.kz