Ұлының түрмеде қорланғанын естіген ана абақты алдында шу шығарды

2
60
Ұлының түрмеде қорланғанын естіген ана абақты алдында шу шығарды
Баламды емдетуге мүмкіндік беріңдерші деп зар жылаған ана мен күйеуім өлетін болды деп араша сұраған келіншек Алматыдағы уақытша тергеу абақтысының алдында шу шығарды.
Айтуларынша, полицейлер айыпталушы азаматқа адам төзгісіз азап көрсеткен. Көз жасын көл қылған ана уақытша тергеу мекемесінде жатқан ұлының денсаулығына алаңдаулы. Алматылық Нұрлан Сақпаевтың туған-туыстарының айтуынша, оның денсаулығы сыр беріп, шұғыл отаны қажет етеді екен.Олардың мұншалықты дүрлігіп, түзеу мекемесінің алдына жиналуына осында жатқан Нұрланның «асылып өлемін» деп хабар беруі себеп болыпты.

«Операцияға келістік. Бүгін алып кетіңдер деді.  «Сен не жан-жаққа жазасың, терпиласың ба не» деп оперларды кіргізіп ұрады екен», — дейді Нұрланның анасы Роза Омарова. 

«Күйеуім қатты ауырып жатыр. Бұрын психбольницада жатқан. Басы умственно отсталый деген. Соның анықтамаларын әкелсек, мұның бәрі өтірік, біз соттаймыз деп бес жылға соттап жіберді», — дейді Нұрланның жары Бақытгүл Исмаилова.

Уақытша абақтыда жатқан Нұрланның кінәсі бар-жоғын сот анықтай жатар, алайда жарақаты асқынған науқасты емдеу шараларын тездету мәселесін мекеме басшыларынан білуге тырыстық.

Ресми пікір білдіруден бас тартқан уақытша оқшаулау мекемесі көп ұзамай айыпталушыны ауруханаға жөнелтті. Алайда емдеу шаралары неше күнге созылатыны әзірге белгісіз.

«Дәрігерлер шешеді оны сол жердегі емханадағы. Егер де ота дұрыс болатын болса, мекеменің бастығы айтты, қанша жатады, біз оған ештеңе демейміз деді», — деп түсіндірді қорғаушы Самат Мамутов.

Нөмірі 12-қалалық ауруханаға жеткізілген айыпталушыны дәрігерлер отаға дайындап жатқанын туыстары жеткізді. Қорғаушының айтуынша, науқас сауыққанша уақытша тергеу изоляторы тарапынан ешқандай қысым болмайды екен.

Ал ота жасау уақытының кешігуіне туыстарының емдеу ақысын дер кезінде жеткізбеуі себеп болыпты.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. мынадай болғанда сұраусыз адам болса, уақытша тергеу изоляторында өліп кетуіде мүмкін екенда. бұл сұмдық қой. біздің амандық қорғау қызметкерлері көшенің бұзығынан да арман екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз