
Жол қауіпсіздігі сақтандыру институты (IIHS) 2009-2012 жылдардағы өлімге әкеп соққан жол апаттарының статистикасын талдады.
Рейтингке бірнеше көліктің бір көлікпен соқтығысқан апаттары және аударылған көлік апаттары енгізілді. Қауіпті көліктер: Kia Rio (1 млн тіркелген көлікке шаққанда, 149 құрбан), Nissan Versa Sedan (130), Hyundai Accent (120), Chevrolet Aveo (99).
Шағын литраж бен кішкентай автокөліктер нашар көліктер тізімінде тұрғанына таң қалмауға да болады, дейді IIHS-ден: олар шағын болғандықтан, жүргізушіні қорғай алмайды.
Ал қауіпті көліктердің ондығына спорткар Chevrolet Camaro Coupe, пикап Chevrolet Silverado 1500 Crew және екі есікті Honda Civic, екі есікті Hyundai Accent, Nissan Versa (ресей нарығында — Nissan Tiida) және Ford Focus кірді.
Құрбандар саны аз болған машина түрлеріне Audi A4, Honda Odyssey және Kia Sorento, Lexus RX 350, Mercedes-Benz GL, Subaru Legacy, Toyota Highlander, Toyota Sequoia және Volvo XC90 кіріп отыр.
IIHS-тегілер: «ең қауіпсіздері — жол талғамайтын көліктер, өйткені олар үлкен, он жыл бұрынғыға қарағанда жиі аударылмайды» деген пікірде.
По сообщению сайта Nur.kz