Жалдамалы пәтерге ие болу үшін қандай құжаттар қажет?

0
58

Қазіргі таңда бюджеттік салада істейтін қызметкерлерге мемлекет үйді жалға береді деген әңгімелер жиі шығып жүр. Осы орайда ол үшін  қандай құжаттар жинап, қай жерге тапсыру қажет деген сұраққа Алаш айнасы жауап берді.

Жалдамалы пәтерге ие болу үшін қандай құжаттар қажет?
Алматы қаласы әкімдігінің жауапты мамандарының айтуы бойынша, Президенттің  2007 жылғы 20 тамыздағы Жарлығына сәйкес Бағдарламаны басты жүзеге асырудың негізгі бағыты жалдамалы тұрғын үй салу болып табылады.

Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап, тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы» Үкіметтің Қаулысы негізінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекке тұру үшін мынадай құжаттар дайындауы қажет:

1. Жеке басын куәландыратын төлқұжат;

2.Туу туралы, неке туралы куәліктердің көшірмесі;

3. Азаматтарды тіркеу кітабын, қажет болса өтінуші «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың басқа адамдарды отбасының мүшесі деп тану туралы анықтамасын табыс етеді (барлық отбасы құрамы міндетті түрде Алматы қаласында тіркелімде болуы керек);

4. Өтінушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы анықтама;

5. Өтінуші (отбасы) әлеуметтік-қорғалатын табысы аз азаматтарға жататындығын растайтын әлеуметтік-қорғау органынан анықтама немесе мемлекеттік қызметкер, бюджеттік ұйым жұмысшылары, әскери қызметкерлер жұмыс орнынан анықтама. Осы құжаттардың барлығын Алматы қалалық Тұрғын-үй департаментіне өткізу керек.

Источник: Алаш Айнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз