Астаналық келіншек 5 жасар ұлын жазым еткен жүргізушіні жазалауды сұрайды

0
229

Елімізде жол апатына қатысы бола тұрып, тиісті жазасын алмай жүрген жүргізушілердің қатары жиілеп барады. Мәселен 5 жасар баласын көлік қағып кеткен астаналық тұрғын, жүргізушінің жазаға тартылмағанына налиды.

Астаналық келіншек 5 жасар ұлын жазым еткен жүргізушіні жазалауды сұрайды
Фото Facebook әлеуметтік желісінен алынды
Астаналық келіншек 5 жасар ұлын жазым еткен жүргізушіні жазалауды сұрайды
Фото Facebook әлеуметтік желісінен алынды

Бүлдіршін жарақаттан бірнеше айдан бері қиналып жүр. Ал Көкшетау қаласының түбінде тұратын Тасжановтар отбасы, үйлену тойына дайындалып жүрген ұлынан айырылып, қан жұтып отыр. Бұл жерде де қылмыстық іс тоқтатылған көрінеді.

Дизана Кадырованың 5 жасар ұлы Руфаттың жамбасы мен мұрыны сынып, басы мен көзі ауыр жарақат алған. Үш операциядан өткен. Анасы осындай күйге түсірген жүргізушінің бостандықта тайраңдап жүргенін айтып мұңын шақты.

«Қылмыстық істі жауып тастапты. Бала орта деңгейдегі жарақат алды сол үшін дейді. Негізі басқа қанның құйылуы, өзге де алған жарақаттары ауыр болып саналады екен», – дейді Дизана Қадырова.

Ал көлігімен соққан ірі күзет фирмасының қызметкері екен, бірақ тіпті кешірім де сұрамапты. Тек әкесі келіп 300 мың теңге ұсынған. Дизана бас тартқанын айтады.

Бала орта деңгейдегі жарақат алды сол үшін дейді. Негізі басқа қанның құйылуы, өзге де алған жарақаттары ауыр болып саналады екен.

Ал жүгіріп жүріп жолға шығып кеткен баланы қаққан көлік жүргізушісі бізге телефон арқылы сұхбат беріп, мәселенің бәрі ақшаға келіп тірелгенін айтып отыр.

«Мұндай жағдайда 2 минут ішінде жүргізушінің ойланып отыратын мүмкіндігі болмайды. Мен әдейі істеген жоқпын ғой. Ия түсінем баланы қақтым, бірақ неге менен 5 миллион теңге сұрайды. Ондай ақша төлемеймін, сот арқылы шешеміз бұлай жалғаса берсе», – дейді жүргізуші Нұрсұлтан.

Осыған ұқсас тағы бір жағдай. Тасжановтар отбасы бір жыл бұрын 26 жастағы ұлы Айдыннан қапияда айырылып қалған. Оны Көкшетау маңындағы трассада автобустан түсіп келе жатқан жерінен жеңіл көлік қағып, мерт қылыпты. Бірақ іс екі рет жабылып қалған.

Мен әдейі істеген жоқпын ғой. Ия түсінем баланы қақтым, бірақ неге менен 5 миллион теңге сұрайды.

«Адам өлімі бар. Көрсетілген фактілер бар. Бәрі дұрыс. Жемқорлықтың араласуы ма, бір жағдайда мен түсінбейтін шаруа болып тұр осында. Бір жылға күнде қайғылы жағдайда отырмыз. Заң іске асу керек қой тым құрығанда», – дейді марқұмның әкесі Елубай Тасжанов.

Баласын жоқтап анасының көз жасы көл болған. «Оның үстіне ұлымызды о дүниелік қылған адамның бостандықта жүргені жанымызды жеп барады», – дейді.

Ал облыстық прокуратура өкілдерінің іске қатысты айтқан мәлімдемелері мынадай.

«Біз қазір қылмыстық істі тергеуге қайта жібердік. Жәбірленушілердің барлық пікірлері мен наразылықтары ескерілді. Қылмыстық іс бойынша қайтадан барлық қажетті тергеу жұмыстары жүргізілетін болады», – дейді Ақмола облыстық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Қанат Омаров.

Осылайша, жол апатынан зардап шеккен екі жанұяның да тауы шағылып отыр. Әділдік іздеп, табанынан тозған олар жүргізушілердің жазасын дәлелдеу үшін барымызды саламыз деп отыр.

Источник: 7 канал

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз