Астанада екі жігіт кондуктор әйелді ұрып кетті

0
29
Астанада екі жігіт кондуктор әйелді ұрып кетті
Астананың полицейлері екі бұзақыны ұстады. Олар маршруттық автобустардың бірінде кондуктор әйелді ұрып кетті.
Бұл туралы Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Алаш айнасы» порталы хабарлайды.

Департаменттің хабарлауынша, кондуктор бұзақылардың үстінен шағым түсірді. Оның сөзіне қарағанда, жұмыс кезінде оны екі ер адам ұрып кеткен.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бұзақылар мас күйінде болды. Автобус салонында олар былапыт сөз айтып, кондукторды масқаралаған. Сосын ол әйелді соққының астына алды.

Жол-патрульдық полиция қызметкерлері тәртіп бұзған ішкіштерді ұстады. Олар — 30 және 32 жастағы Ақмола облысының тұрғындары. Екеуі де бұған дейін қылмыстық жазаға тартылған болатын.

«Қазіргі кезде ұсталғандар Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторына тоғытылып отыр. Қылмыстық кодекстің 293-бабы — бұзақылық әрекеті бойынша іс қозғалды», — делінген ресми хабарламада.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз