Маңғыстауда мұнайгаз компаниясында қытай жұмысшысын пышақтап тастады

2
102

Қытай жұмысшысы пышақ жарақатымен жұмыс істеген кен орнынан Ақтау ауруханасына жеткізілген. Бұл туралы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап Лада порталы хабарлайды.

Маңғыстауда мұнайгаз компаниясында қытай жұмысшысын пышақтап тастады

Оқиға қаңтар айының соныңда Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан «Емир Ойл» мұнайгаз компаниясында болған.

Жұмысшылар арасындағы 27 жастағы Қытайдың Ю. есімді азаматы компанияда бұрғышы қызметін атқарып, №13 ұңғымада бұрғышы болған.

Оқиға барысында анықталғандай Ақтөбе облысының 30 жастағы тұрғыны мен шетел азаматы сөзге келіспей қалып, арасында жанжал туындаған. Салдарынан Ақтөбелік азамат оның кеуде қуысы мен мойнына пышақ салған.

Зардап шеккен Қытай азаматы Маңғыстау облысының ауруханасына жеткізілген. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Источник: NUR.KZ

2 ПІКІРЛЕР

  1. тентектік кейде бұзықтық болыпта келеді. оны қалай қабылдау қоғамға байланысты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз