Ақтаудың 22 жасар тұрғыны 15 жастағы қызбен жыныстық қарым-қатынасқа түскені үшін сот алдында жауап бермек. Бұл туралы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап Лада порталы хабарлайды.
Олардың мәліметінше, Мұнайлы ауданың 43 жасар тұрғыны полицияға арыз түсірген. Әйелдің айтуынша, 2014 жылдың мамыр айында Б. есімді азамат оның кәмілетке толмаған қызымен жыныстық қарым-қатынасқа түскен. Бұл жағдай туралы 15 жасар қызының аяғы ауыр болып қалмаған да анасы білмейтін еді.
Полицияның айтуынша, бастапқыда қыз анасына болған жайды айтуға қорыққан, кейін іші үлкейіп біліне бастағанда барлық шындықты жайып салған.
Белгілі болғандай, ауылдан келген қыз Ақтауда колледждердің бірінде білім алған. Ол өзін жыныстық қарым-қатынасқа түсуге итермілеген жас жігітпен облыс орталығында танысқан. Аталған факт бойынша 3 «Б» ықшамауданының 22 жастағы тұрғыны тұтқындылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицейлердің айтуынша, ауылдан оқуға келген студент қыздар мұндай жағдайға жиі тап болады екен.
«Облыстың барлық аудандарының Ақтауға оқуға студент қыздар келіп, бұл жерде жас жігіттермен танысады. Олар қыздарды пайдалынып, соңынында қашып кетіп жатады. Ал кейін қыздардың анасы келіп, полицияға арыз түсіреді. Әрине, біз күдіктілерді тұтқындаймыз, тіпті кейбірі сот алдында жауап берді. Біз жас жігіттерге ескертеміз, кәмілеттік жасқа толмаған жас қыздармен жыныстық қарым-қатынысқа түскендер заң алдында жауап беріп, жазаға тартылады», – дейді полиция мамандары.
Сот алдында жауап беріп жатқандардың көбісі өздерінің жас құрбыларының жасын білмеген және олардың полицияға арыз түсіретінін де ойламағанын айтып ақталады екен. Сондықтан да полицейлер қыздарды төсекке апарардан бұрын ойланғандары дұрыс деген кеңес береді.